Азиада-2018: Су добынан жарыс қорытындыланды
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Александр Шведов Қытаймен өткен тартысты сыннан соң<span> </span>Olympic.kz<span> </span>сайтына сұхбат беріп, өз ойымен бөлісті.
«Мұндай дүбірлі додада қалпақпен ұрып алатын қарсылас жоқ. Жеңіл өтетін матчтар да болмайды. Бізде буын ауысы кезеңі аяқталып, команда дер кезінде жастардан жасақталды. Қытаймен өте ауыр ойын өткіздік. Кездесудің соңғы жағында белсенділік танытқанымыз дұрыс болды. Жеңіске деген жігер мен мінездің арқасында финалға жеттік. Иә, ойын барысында көптеген әдістеріміз жемісін бермеді. Десе де, төртінші кезеңдегі шешуші гол бізге жеңіс сыйлады», - дейді Шведов.
Еске сала кетейік, қазақстандық ватерполшылар мен Қытай командасы арасындағы тартысты кездесу 9:8 есебімен біздің пайдамызға аяқталды.
Финалда Қазақстан мен Жапония Азиада алтынына таласады.