«Ұлы дала рухы»: 8 спорт түрі бойынша мықтылар анықталады

«Ұлы дала рухы»: 8 спорт түрі бойынша мықтылар анықталады

«Ұлы дала рухы» фестивалі – ұлттық ойындар бойынша ең ауқымды және тұңғыш рет ұйымдастырылған спорттық шара.

<span>24.kz порталының хабарлауынша, бүгін елордада солтүстіктің мықтылары жиналып, 8 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтап жатыр. Бұған дейін іріктеу сындары батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерде өтті. Оның ішінде көкпар, аударыспақ, күрес, жамбы ату, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды сайыстар бар.</span>

<span> Жарыс 2 күнге созылады. Оның нәтижесі бойынша үздіктер республикалық жарысқа жолдама алады. </span>

<span>Шешуші сын қыркүйектің 12-16-сы аралығында елордада өтеді.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или