Азиада-2018: Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалына өтті
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандықтар ширек финалда Индонезиямен кездесіп, 20:4 есебімен жеңіске жетті.
Біздің команда сапынан Алтай Алтаев 5 доп, Роман Филипенко 4 доп соғып, мергендігімен көзге түсті.
Жартылай финалда Қазақстан командасы Қытаймен жолығады. Қазақстан мен Қытай арасындағы матч 31 тамызға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или