Голендов пен Ергучев: Бір жарым сағатта үш медаль алғанымыз қуантады

Голендов пен Ергучев: Бір жарым сағатта үш медаль алғанымыз қуантады

Байдарка мен каноэде ескек есуден сынға түскен Қазақстан спортшылары бір жарым сағаттың ішінде үш медаль жеңіп алды. Ал Илья Голендов екі бірдей  медальға иелік етті.  Ол төрт адамдық сында чемпион атанса, екі адамдық бәсекеде күмісті қанағат етті. 

<span>Olympic.kz </span>сайтына сұхбат берген Илья Голендов пен Андрей Ергучев бүгінгі жарыс күнінен кейінгі өз сезімдерімен бөлісті. 

«Әрине, алтын алсақ  деген мақсатпен келдік. Бірақ бұйырғаны – күміс. Бұл табан ет, маңдай термен келген медаль. Біз соңына дейін алтын медаль үшін күрестік.  Алайда, спортта жүлденің тағдырын санаулы секундтар шешетінін білесіздер. Азиядағы қарсыластарымыздың қарқыны өсуде. Қытай да, Өзбекстан да жүлде алу үшін жанын салады. Біздің спортта көп нәрсе күн райына тікелей байланысты. Жел біресе оң жақтан, біресе сол жақтан соғуы мүмкін. Сондықтан, уақыт көрсеткішінің өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Мәреге жақындаған тұста жағдай ауырлап кетті. Оның үстіне фальстарт болғанын да көрдіңіздер. Енді Азия ойындарынан алшақтап, Токио Олимпиадасына жолдама алуды ойлаймыз. Бір ай демалыстан соң, қайтадан жаттығу басталады. Бұрын Азиядағы басты қарсыластарымыз Қытай мен Иран еді. Азиададан кейін Индонезиядан да қауіптену керектігіне көз жетті», - дейді Ергучев.

«Біз бір жарым сағаттың ішінде Қазақстанға екі алтын сыйлауды мақсат етіп ек. Ойымыз жүзеге аспай қалды. Бұл  спорт деуден басқа ойыма ештеңе келмей тұр. Ең бастысы – Қазақстанға медаль сыйладық. Жеңісімізді Денис Теннің рухына бағыштаймыз. Одан бөлек, Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтаймыз!», - дейді Илья Голендов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или