Алина Əділханова Азия ойындарының екі дүркін чемпионы
Көркем гимнастикадан кеше ғана Қазақстан командасы сапында алтын медаль алған Алина Əділханова бүгін жекелей сында да топ жарды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Алина жекелей сында жалпы есепте 66.800 ұпай жинап, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Күміс жүлде өзбекстандық Сабина Ташкенбаеваға (65,850), ал қола жүлде Қытай спортшысы Ятинг Жаоға (65,550) бұйырды.
Еске сала кетейік, көркем гимнастикадан топтық жаттығуда Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова үштігі 159.850 ұпай жинап, чемпион атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или