Алина Әділханова: Жеңіске жету үшін бар күшімізді салдық

Алина Әділханова: Жеңіске жету үшін бар күшімізді салдық

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Алина Әділханова Азия ойындарының топтық бәсекесінен кейін Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді. 

 «Шынымды айтсам, біз елімізге, жанкүйерлерге қуаныш сыйлау үшін барымызды салдық. Бұл жеңіске жету үшін қаншама тер төктік... Бүгін тек қана жеңіске жетеміз деген ой болды. Қарсыластар да осал емес. Дегенмен, біз өз мықтылығымызды дәлелдедік», - дейді Алина.

Еске сала кетейік, көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Азия ойындарының чемпионы атанды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или