Қырғызстанда кикбоксерші алған соққыдан қаза тапты (видео)
Қырғызстанда кикбрксерші жарыс кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz
Centre1.com-ның хабарлауынша, қайғылы жағдай 19 тамызда Токмоктағы спорт мектебінде орын алған.
Руслан Абасовты еске алу құрметіне орай өткізілген турнирде 14 жасар кикбоксерші алған соққыдан талып қалған.
Спортшыға алғашқы жәрдем көрсетілгенмен ауруханада есін жимастан көз жұмған.
Спорт мектебінің директоры Кубан Идиновтың айтуынша, қайтыс болған жеткіншектің басынан гематома табылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или