Гузалия Ғафурова: Қабырғамдағы жарақатқа қарамастан жеңіске жеттім

Гузалия Ғафурова: Қабырғамдағы жарақатқа қарамастан жеңіске жеттім

Азия ойындарының чемпионы, каратеші Гузалия Ғафурова Олимпиада комитетінің ресми сайтына сұқбат беріп, өз қуанышымен бөлісті.

- Азия ойындарының алтынын алу оңай болған жоқ. Себебі, қабырғамды жарақаттап алдым. Азиада секілді дүбірлі додада жарақатымды сылтау қылғым келмеді. 2014 жылғы Азия ойындарында мұндай ірі жарысқа алғаш рет қатысқандықтан, көп нəрсенің ретін білмедім. Ал биыл бəрі де мен үшін айдан анық болды. Шыны керек, мұндай жарақатпен алтын аламын деген ойға шамамен 70 пайыздай ғана сенімді болдым. Алтын медаль менің барлық жарақатыма ем болды, - дейді Гузалия. 

Сондай-ақ, спортшы өзінен қолдау білдірген ата-анасына, қайын енесі мен қайын атасына да алғысын білдірді.

- Маған үнемі сенім артқан сол кісілер. Үлкендердің үмітін ақтау мен үшін қуаныш! Кішкентай қызыма осы жеңісімді арнаймын,- деді Азиада чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или