Азиада-2018: 26 тамыз күнінің қорытындысы

Азиада-2018: 26 тамыз күнінің қорытындысы

Джакарта (Индонезия) қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды.

Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Джиу-джитсу спорт түрінен сынға түскен Руслан Исраилов құраманың бесінші алтынын жеңіп алса, каратэші Дидар Әмірәлі – күміс, Элина Михина (жеңіл атлетика) – қола жүлдені кеудесіне тақты. 

Қазақстан қоржынында ұзын саны 41 жүлде (5 алтын, 8 күміс, 28 қола) бар.

Айта кетейік, Азия ойындары 2 қыркүйек күні аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или