Азиада-2018. Дидар Әмірәлі каратеден күміс жүлдегер атанды
Каратеші Дидар Әмірәлі Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті жазды.
Ол финалда кувейттік қарсыласы Әли Абдуазизге 0:4 есебімен жол беріп, Азия ойындарының күмісіне қол жеткізді.
Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтса, 1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті.
Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген Дидар жартылай финалда индонезиялық каратешіні жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или