25 тамыз. Қазақстан спортшылары төрт медаль жеңіп алды

25 тамыз. Қазақстан спортшылары төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының қоржынына Азиаданың төрт медалі түсті. Оның ішінде алтын жүлде де бар.

Olympic.kz сайты бүгінгі жарыс күнінің қорытындысын назарларыңызға ұсынады.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшелері Азия ойындарының финалдық кезеңіне өтті. Спорттың бұл түрі Азиада бағдарламасына алғаш рет еніп отыр. Әсел Марленова мен Ришат Хайбулин көпсайыстағы іріктеуден сүрінбей өтті. Олар ертең өтетін финалдық бәсекеде бақ сынайды.

Тағы бір тарихи жүлдені джиу-джитсу спортының өкілі жеңіп алды. Спорттың бұл түрі бойынша алғашқы алтын жүлдені 62 келіде сынға түскен Дархан Нортаев иеленді. Сондай-ақ, 94 келіде жүлдеге таласқан Ризат Мақашев үздік үштік қатарында.

Жағажай волейболынан Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы Азия ойындарында жүлде алуға біртабан жақын. Ертеңгі жартылай финалда біздің волейболшылар жапониялық қарсыластарымен кездеседі.

Жүзуден Қазақстан командасының көшбасшысы Дмитрий Баландин Азия ойындарын қорытындылап, кең көлемді сұхбат берді. Ол командалас жігіттерінің ерлігіне риза болып, дода алдындағы жарақаты туралы әңгімеледі.

Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесін иеленді. Ядро лақтырудан Иван Иванов қола жүлдегер атанды.

25 тамыз күнгі нәтиже бойынша, Қазақстан қоржынында 38 медаль бар. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс. Қола медальдар саны – 27. Жалпы командалық есепте әзірге 11-ші орындамыз.

Командалық есепте Қытай көш бастап келеді – 153 медаль (72 алтын). Екінші орындағы Жапонияда 109 жүлде (34 алтын), үшінші орындағы Оңтүстік Кореяда 84 медаль (25 алтын) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или