Азиада жүлдегері Әділбек Мусинді жанкүйерлер үлкен қошеметпен қарсы алды

Азиада жүлдегері Әділбек Мусинді жанкүйерлер үлкен қошеметпен қарсы алды

Жүзуден Азия ойындарының екі мәрте қола жүлдегері атанған Әділбек Мусин Джакартадан Астанаға ұшып келді деп хабарлайды Olympic.kz .

Спортшының ата-анасы мен бір топ жанкүйерлер әуежайға жиналып, Әділбектің қуанышын бірге бөлісті.

"Азия ойындары секілді ірі жарыстан алғаш рет жүлде алып отырмын. Қуанышымда шек жоқ. Мұндай додада жеңімпаздар қатарына қосылу мен үшін үлкен бақыт. Әрбір спортшыға осындай сәтті бастан кешіруді шын жүрегіммен тілеймін. Командалас жігіттерге рахмет. Эстафеталық сында жүлдегер атанудың салмағы да, бағасы да жоғары. Дәл кешегідей қуанышты сәт қайталанғанын қалаймын, әрине. Енді дайындығымызды одан әрі арттырып, жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз", - дейді Мусин.

Еске сала кетейік, Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде және эстафеталық сында қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или