Әділбек Мусин: Өз рекордымды жаңартқаным үшін қуаныштымын

Әділбек Мусин: Өз рекордымды жаңартқаным үшін қуаныштымын

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстанның жаңа рекордтын орнатып, Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған Әділбек Мусин Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді. 

«Қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет! Нәтиже көңілімнен шықты. Азия ойындарына аттанарда өзім орнатқан Қазақстан рекордын жаңартып, көрсеткішімді жақсарта түссем деп мақсат қойған едім. Сол мақсатым орындалды. Әрине, аздаған қателіктер болды. Мұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай дайындықты күшейтетінім анық. Бізге демеу болған жанкүйерлерге басымды иемін! Сондай-ақ, командалас жігіттер мен бапкерлер қауымына айтар алғысым зор», - дейді Әділбек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или