Еліміздің джиу-джиутсу командасы Азиадаға аттанды
<span>Азия ойындарында биыл алғаш рет джиу-джитсу бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz 24.kz порталына сілтеме жасап.</span>
<span> Осыған орай ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жыл басында жасақталып, бірнеше ай бойы жаттығуларын пысықтады. Тіпті осы мақсатта жерлестеріміз джиу-джитсу кеңінен етек жайған Бразилия мен Америкада арнайы дайындықтан өтіп қайтты. </span>
<span>Енді 15 адамнан құралған ұлттық құрама Индонезия астанасына аттанды. Оларды шығарып салуға елордадағы әуежайға достары мен туыстары келді. Құрлықтағы ең үздік джиу-джитсу шеберлерінің айқасы 24 тамызда басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или