Азиада-2018: Таеквондошы Нұрлан Мырзабаев жартылай финалға шықты

Азиада-2018: Таеквондошы Нұрлан Мырзабаев жартылай финалға шықты

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлан Мырзабаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

<span>ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін 80 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Мырзабаев пен 63 келіде Қазыбек Бахтиярұлы бақ сынады. </span>

<span>80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлан Мырзабаев Азия ойындарының жартылай финалына жетті. Ал Мырзабаев ширек финалда қырғызстандық Акбар Айтахуновты 22:2 есебімен ойсырата жеңді. </span>

<span>Жартылай финалда біздің спортшы  Оңтүстік Корея өкілі Ли Хва Чжунмен ақтық бәсекенің жолдамасын сарапқа салады. </span>

<span>Өкінішке қарай, 63 келіде ел намысын қорғаған Қазыбек Бахтиярұлы екінші айналымда Тайпей спортшысынан ойсырай жеңіліп, жарысты аяқтады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или