Азиада-2018. Саблядан Қазақстан әйелдер құрамасы – қола жүлдегер

Азиада-2018. Саблядан Қазақстан әйелдер құрамасы – қола жүлдегер

Саблядан Қазақстан әйелдер командасы бүгін Қазақстан қоржынына 14-ші жүлдені салды, деп хабарлайды<span> </span>Olympic.kz. 

Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45. 

Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді. 

Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған сабляшы қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді. Құттықтаймыз!

Еске сала кетейік, шпагадан ерлер командасы да финал жолдамасына таласады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или