Фариза Алдоңғарова: Жеңісімді жолыма үмітпен қараған ата-анама арнаймын

Фариза Алдоңғарова: Жеңісімді жолыма үмітпен қараған ата-анама арнаймын

Азия ойындарының қола жүлдегері Фариза Алдоңғарова Олимпиада комитетінің ресми сайтына сұқбат беріп, жекпе-жектерін қорытындылады. 

- Барлық кездесулер қиын өтті, қарсыластарым да өте мықты, танылған спортшылар. Бірінші айналымда кездескен өзбекстандық спортшымен бірнеше рет жолымыз түйісті. Бірде ол жеңсе, бірде мен ұтып жүрдім. Өзбек қызының әлем чемпионатында қола жүлдегер атанғанын да ұмытпаңыздар. Сондықтан, жекпе-жектің тартысты өтуі заңды. Мені жеңген тайпейлік қыз Азиаданың чемпионы атанғанын көрдіңіздер. Жалпы, өзім бұдан да үлкен нәтиже көрсетемін деп ойлағам. Бұйырғаны қола медаль, оған да шүкір етемін, - дейді Фариза.

Сондай-ақ, спортшы қыз бүгінгі жеңісін кімдерге арнайтынын да жеткізді. 

 - Осы жеңісімді маған сенім артып, жолыма үмітпен қарап отырған ата-анама арнаймын. Сондай-ақ, маған қолдау көрсетіп тілеулес болған барша жанкүйер мен бапкерлеріме алғысым шексіз, - дейді Азия ойындарының қола жүлдегері. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или