Қазақстандық спортшылар Азиаданың ашылу салтанатына қатысты
ҚазАқпарат - Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
<span>Қазақстандық атлеттер ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысып, еліміздің көк туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Бұл - Әбілхан қатысып отырған алғашқы Азия ойындары. </span>
<span>Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне таеквондошылар, баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер мен боксшылар қатысты. Құрама команданың басым бөлігі ертеңгі жарыс күніне дайындалғандықтан, салтанатты шеруден тыс қалды. </span>
<span> Қазақстаннан Азия ойындарына жалпы есебі 440 спортшы аттанды. Оның ішінде, 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды. Азия ойындары ел спортшылары үшін биылғы жылдың ең басты додасы болмақ. </span>
<span>Азия ойындары 18 тамыз - 2 қыркүйек аралығында, Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді.</span>