Азия ойындарына қатысып жатқан «Астана» Президенттік клубының спортшылары

 Азия ойындарына қатысып жатқан «Астана» Президенттік клубының спортшылары

Ресми түрде шымылдығы 18 тамызда түрілетін ХVIII Жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыстары басталып та кетті. Бұл додаға «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының да дүлдүлдері қатысып жатыр. Назарларыңызға сол спортшыларды ұсынамыз.

 

<span style="box-sizing: border-box;">Бокс</span>

 

Бокстан Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Джакартаға кеше ұшып кетті. Ол жақта да жігіттер қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп, соңғы дайындықтарын пысықтамақ. 18 тамыз күні ашылу салтанатына қатысады. Ал 24 тамыз күні шаршы алаңға алғашқы боксшымыз Азат Махметов шығады.

 

- «Астана арландарында» жүрген боксшылардың барлығы ұлттық құрамадағы жігіттер. «Арландармен» мүддеміз ортақ. Бәріміз қазақтың намысын қорғаймыз. Сондықтан, бұларды бір-бірінен бөле қарастырудың қажеті жоқ, - деген болатын бас бапкер Мырзағали Айтжанов.

 

Сондықтан, Қазақстан ұлттық құрамасындағы барлық боксшыларды «Астана арландарынан» көріп қалуымыз ғажап емес. Ал алтауы «Астана арландардың» боксшылары. Солардың ішінде 60 келідегі Саматәлі Төлтаев қана Дүниежүзілік бокс сериясында жұдырықтаспаған. Ал Теміртас Жүсіпов (49 келі), Азат Махметов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) және Әбілхан Аманқұл (75 келі) «Астана арландары» сапында шаршы алаңда біраз жекпе-жек өткізіп, жеңістер әкелген. Сонымен қатар, Азиадаға аттанған Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) те «арландар» сапында жұдырықтасқан.

 

Азия ойындарында жерлестеріміз 5 медаль алуды мақсат етіп отыр. Оның екеуі алтын болуы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или