Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Қытайды ұтты

Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Қытайды ұтты

Джакарта мен Палембангта Азия ойындарындағы командалық спорт түрлері басталып кетті. Бүгін гандболдан Қазақстан қыздар командасы топтық кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. 

Қазақстан мен Қытай командалары арасындағы кездесудің тартысты өткеніне күмән жоқ. Себебі, сәт сайын командалар алма-кезек алға шығып отырды. Одан бөлек, бір-бірінен көп ұпайға ұзап кетуіне мүмкіндік берген жоқ. 

Бірінші кезең 11:11 есебімен тең аяқталса, екінші кезеңде қазақстандық команда 16:15 есебімен басым болды. Айта кету керек, гандболшы қыздар жеңісті соңғы секундта жұлып әкетті. Осылайша, қорытынды есеп 27:26, Қазақстанның жеңісі. 

Қазақстандық гандболшы Наталья Ильина Қытаймен кездесу оңай болмағанын жеткізді. 

Өте тартысты өткен матч. Мұндай кездесулерде доп тек бір қақпаға ғана соғылмайды. Екі команданың да жеңіске деген жігері мол болды. Десе де, біз командалық ойынның арқасында жеңіске жеттік. Қазақстан біріншілігінде мұндай матчтарды күнде ойнай бермейсің. Сол себепті, кейде қателік жіберген кездер де болды. Ең бастысы - біз жеңдік", - дейді Ильина. 

Еске сала кетейік, іріктеу айналымындағы алғашқы матчтаҚазақстан командасы Үндістанмен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или