Каноэ мен байдаркада ескек есушілер Болгарияда дайындалып жатыр
Каноэ мен байдаркада ескек есуден Қазақстан ұлттық құрамасы Болгарияның Пловдив қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Ұлттық құрама 30 шілде мен 22 тамыз аралығында жаттығады. Бұл Азия ойындарының алдындағы шешуші кезең саналады. Бас бапкер Андрей Шантаровичтің айтуынша, спортшылардың алаңсыз дайындалуына бар мүмкіндік жасалған.

"Бұл біздің Азия ойындары алдындағы соңғы жаттығуымыз. Құрлықта біздің спортшылар үздіктердің бірі саналады, сол себепті медальдан үмітіміз зор. Спортшылардың бәрі бабында, ешкім жарақат алып немесе сырқаттанып қалған жоқ", - дейді бас бапкер.

Ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиындарын өткізушілер қатарында Тимур Хайдаров, Мерей Медетов, Илья Голендов, Андрей Ергучевтер бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или