Каноэ мен байдаркада ескек есушілер Болгарияда жаттығуда
Каноэ мен байдаркада ескек есуден Қазақстан ұлттық құрамасы Болгарияның Пловдив қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде деп жазады Olympic.kz. <br />Ұлттық құрама 30 шілде мен 22 тамыз аралығында жаттығады. Бұл Азия ойындарының алдындағы шешуші кезең саналады. Бас бапкер Андрей Шантаровичтің айтуынша, спортшылардың алаңсыз дайындалуына бар мүмкіндік жасалған. <br />«Бұл біздің Азия ойындары алдындағы соңғы жаттығуымыз. Құрлықта біздің спортшылар үздіктердің бірі саналады, сол себепті медальдан үмітіміз зор. Спортшылардың бәрі бабында, ешкім жарақат алып немесе сырқаттанып қалған жоқ», - дейді бас бапкер. <br />Ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиындарын өткізушілер қатарында Тимур Хайдаров, Мерей Медетов, Илья Голендов, Андрей Ергучевтер бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или