Спорттық гимнастикадан қыздар командасы Пензада оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Спорттық гимнастикадан қыздар командасы Пензада оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан қыздар командасы Ресейдің Пенза қаласындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Команданың бас бапкері Гульсун Мильдоходжаева Ресейде өткен жаттығу жиындарын қорытындылап, Азия ойындарындағы негізі жоспармен бөлісті.

«Пенза қаласында Ресейдің үздік гимнастары жаттығады. Біздің оқу-жаттығу жиынымыз 27 шілдеде басталып, бүгін аяқталып отыр. Мұндағы база өте жақсы жасақталған. Жаттығуға қажетті нәрсенің барлығы бар. Азия ойындарының алдында осындай мүмкіндіктің болғаны қуантады», - дейді бас бапкер.

Спорттық гимнастикадан қыздар командасының әлеуеті айтарлықтай жоғары емес. Бас бапкердің айтуынша, Азия ойындарына негізінен жас спортшылар аттанады. 

Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі: Аида Бауыржанова, Арайлым Мейрам, Ольга Санджиева.

«Спорттық гимнастикадағы қыздарымыз ерлерге қарағанда әлсіздеу. Шыны керек, 1998 жылы Азия чемпионатының командалық сынында қола жүлдегер атанғаннан кейін, қазақстандық гимнаст қыздардың айтарлықтай жеңісі болған жоқ. Спорттық гимнастика өте қиын спорт түрлерінің бірі. Мұнда жеңіске жету үшін уақыт және шеберлік керек». 

Бүгінде Азия ойындарына қатысатын гимнаст қыздардың алдында бағдарламаны мейілінше таза орындап шығу міндеті тұр. Аида Бауыржанованың бөренемен жаттығуда финалға өтетін мүмкіндігі бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или