Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында үш медаль жеңіп алуды көздеп отыр

Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында үш медаль жеңіп алуды көздеп отыр

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов Азия ойындарының алдындағы басты мақсатты атады. 

Бас бапкердің айтуынша, құрама спортшылары төртжылдықтың басты додасына қызу дайындалып жатыр. 

"Азия ойындарына дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Біз Гран-При, Гран-Слэм турнирлері арқылы Азиадаға баратын спортшылар тізімін анықтадық. Жазғы Азия ойындарында 1 алты, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алсақ деген ойымыз бар", - дейді Айдын Смағұлов. 

Азия ойындарындағы дзюдошылар бәсекесі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или