Триатлоннан Азия кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі
Триатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері Азия Кубогында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдерін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Ақпараттық-спорттық ХАБ-тің жазуынша, сары құрлық бәсекесінде Қазақстанның атынан 13 триатлоншы бақ сынайды.

Триатлоннан Азия Кубогына Қазақстаннан 8 ер адам мен 5 әйел қатысады - Ашраф Камалова, Надежда Бекмағанбетова, Анастасия Автушко, Карина Шульгина, Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев, Семен Пивоваров, Максим Крят, Темірлан Теміров, Мейрлан Искаков, Александр Артушко мен Санжар Косарев.

Триатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Дандыбай Әлімбаевтың айтуынша, бұл жарыс біздің отандастарымыз үшін тәжірибе алмасуға және халықаралық жарыстар алдында деңгейін анықтауға тамаша мүмкіндік болып табылады.

«Азия Кубогындағы жақсы нәтиже - рейтингтік ұпайлар табудың тамаша мүмкіндігі», - деді Дандыбай Әлімбаев.

Айта кетер жайт, тамыздың 4-і күні спортшылар жарыс 750 метр спринт қашықтықта + 20 шақырым вело + 5 шақырым жүгіруден өзара мықтыны анықтайды. Бұл қашықтыққа 16 елден 57 спортшы тіркелген.

Ал тамыздың 5-і күні қатысушылар бұдан екі есе қашықтықта олимпиадалық тәртіп бойынша сайысқа түседі: 1500 м жүзу + 40 шақырым вело + 1 шақырым жүгіру. Жарысқа 156 спортшы мен 10 команда (әр командада 3 спортшыдан) тіркелді.

Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындары мен қонақтарын спортшыларға қолдап көрсетіп, жанкүйер болуға шақырады! Өтетін орны:Сайран көлі.