Азия ойындарында академиялық есуден 13 спортшы ел намысын қорғайды
Р18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Джакартада өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысатын академиялық есушілер тізімі жарияланды.
«Азия ойындарына дайындық кезеңі жоспар бойынша өтіп жатыр. Біз Қытайда және Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Ал қазіргі сәтте Теміртаудағы Самарқанд су қоймасында жаттығудамыз. Жалпы алғанда, ауа райына қатысты ғана аздаған үзілістер болды. Басқа кедергілер кездескен жоқ. Азия ойындары құрлықтың Олимпиадасы секілді ғой. Бұл додаға бәрі жоғары дайындықпен, ерекше ынтамен барады. Біздің спортымыз әрбір Азиада сайын жүлдесіз қалған емес. Қазақстан алғаш қатысқан 1994 жылғы ойындардан бері академиялық есушілер ел қоржынына жүлде салып келеді. Бұл жолы да сол дәстүрден танбаймыз деп ойлаймын. Өз басым алдын-ала болжам жасағанды ұнатпайтын адаммын. Бірақ команда міндетті түрде 1-2 медаль алады деп айта аламын. Күміс пен қолаға таласамыз, ал алтын туралы айту қиындау», - дейді академиялық есуден ұлттық құраманың бас бапкері Анна Белоногова.
Азия ойындарына қатысатын академиялық есушілер тізімі, ерлер:
1. Евгений Васильев
2. Михаил Таскин
3. Виталий Васильев
4. Евгений Тацей
5. Владислав Яковлев
6. Григорий Феклистов
7. Анастас Шашков
8. Иван Эксузиди
Қыздар:
1. Светлана Германович
2. Александра Опачанова
3. Мария Пойда
4. Алина Мочула
5. Виктория Чепиковар