Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтеді

Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтеді

4-5 тамыз күндері Алматыда алғаш рет триатлоннан Азия кубогі өтеді. «Almaty Asian Cup 2018» турнирі Азия триатлон конфедерациясының (ASTC) қолдауымен ұйымдастырылады. Жарысқа 22 елдің спортшылары қатысады.

Жарыс қорытындысы бойынша, ұйымдастырушылар мықты атлеттерді дайындап, қазақстандық триатлеттердің шеберлігін арттырып, Қазақстанда триатлонды насихаттауды мақсат еткен. 

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Бельгия, Гонконг, Украина, Австралия, Сирия, Люксембург, Венгрия, Австрия, Оңтүстік Корея, Тайпей, Ресеф, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстан спортшылары бақ сынайды. Кәсіби спортшылар «спринт» қашықтығында жарысатын болады. Бұл – 750 метрге жүзу, велосипедпен 20 шақырымға жарысу және 5 шақырымға жүгіруден құралатын сайыс. 

Бұл категорияда Қазақстан атынан сынға түсетін ерлер: Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Мейірлан Ысқақов, Семен Пивоваров, Максим Крят, Александр Автушко және Сабыржан Қосақ. 

Әйелдер арасында Арина Шульгина, Анастасия Автушко, Ашраф Камалова, Надежда Бекмаганбетова, Яна Морозова және Ғазиза Құмақбаевалар ел намысын қорғайды. 

5 тамыз күні атлеттер Age Group категориясында күш сынасып, стандантты қашықтықтағы жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайды. Бұл – 1,5 шақырымға жүзу, 40 шақырым велоэтап, 10 шақырымға жүгіру. 

Бүгінгі таңда спортшыларды акредиттеу жабылды. Жарысқа қатысуға Elite категориясынан 58 атлет өтінім берді. Оның ішінде 41 ер адам, 17 әйел адам. Age Group категориясында 193 спортшы бақ сынайды, оның ішінде, 163 атлет жекелей сында, 10 спортшы командалық эстафетана сынға түседі. 

«Алдағы демалыс күндері оңтүстік астанамыз триатлоннан үлкен спорттық доданы қабылдайды. Алматыда триатлоннан спринтерлік шақырымдағы Азия Кубогінің кезеңі өтеді. Триатлоннан мұндай ірі көлемдегі жарыс Алматыда алғаш рет өткелі тұр. Сайран көлінің жанына тұтастай спорт қалашығы салынды. Ұлттық құрама спортшылары да жақсы дайындық жүргізді. Спортшыларымызға жеңіс тілейміз», - дейді Қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Максим Крят. 

Сонымен қатар, Алматыға Азия триатлон конфедерациясының (ASTC)  техникалық делегаттарының атынан Баямбой Тсагаанбаатар мырза көмекшісімен келді. Делегеттар жарыс өтетін спорт нысанын толығымен тексеруден өткіщіп, су құрамы мен температурасын тексерді. Кездесу қорытындысы бойынша, халықаралық сарапшылар нысанның  ITU қойған талаптарға сай келетінін мәлімдеді. 

«Біз бүгін жүзу, жүгіру және веложарыстар өтетін орындарды тексердік. Бізді қатты таң қалдырғаны – дайындық кезеңінің біз ойлағаннан да жоғары болуы. Бұл қуантады. Одан бөлек, Қазақстан елдегі триатлонды дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Тіпті, Әлем кубогі секілді жарыстарды қабылдауға дайын екенін айтып, үлкен амбициясын көрсетуде. Бұл құрлықтық жарыс Азия ойындарының алдындағы басты дайындық. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», - дейді Баямба Тсагаанбаатар мырза. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или