Алматы триатлонның ордасына айналады
2018 жылы тамыздың 4-5 күндері Алматыдағы Сайран көлінде тұңғыш рет триатлоннан халықаралық турнир өтеді.
<span>Азия кубогында Ресей, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Украина, Венгрия, Аустралия, Жапония, Өзбекстан, Сирия, Бельгия, Австрия, Тайпей және Қазақстанның спортшылары өнер көрсетпек. </span>

<span>Таяуда құрылған Алматы триатлон федерациясы қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жергілікті спортшылар республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие. </span>

<span>Қазіргі уақытта Азия Кубогы алдында Сайран көлінің маңайы тазартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа асфальт төселіп, гүлдер отырғызылады. Жағажайға жаңадан құм төгіледі, жанындағы саябаққа 60 орындық орнатып, 100-ден аса шамдар орнатылады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или