«Жібек жолы - 2018» раллиі Мәскеуде мәреге жетті
«Жібек жолы» халықаралық раллиі сегізінші шығарылымы Мәскеуде Қызыл алаңда салтанатты түрде аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары жарыс қатысушыларының Мәскеу орталығында Кремль Спасск мұнарасында орнатылған подиумға бірінен кейін бірінің шығып жатқанына куә болды. </span>
<span> «Жібек жолы - 2018» ралли-рейдінің сегізінші шығарылымы Астрахан, Волгоград, Липецк және Тульск облыстары, сондай-ақ Калмыкия Республикасының аумағында өткен. Оның жалпы қашықтығы 3,5 мың шақырым. </span>
<span>Бұл жарыста құрамында Сауд Арабиясынан келген ұшқыш Язида Аль-Раджи мен германиялық штурман Тимо Готтшалька болған экипаж жеңімпаз атанды. Олар Mini көлігімен X-raid командасында жарысты. Екінші орынды катарлық Нассер Аль-Аттия мен француз Матье Бомеляның дуэті иеленді. Олар күміс жүлдені Qatar Rally Team командасының құрамында Toyota Hilux прототипімен жеңіп алды. Үштікті француз Матье Серрадори мен бельгиялық Фабьен Луркин тұйықтады.</span>

