RomaSport

ШҚО-да ат спортынан республикалық сайыс өтті

ШҚО-да ат спортынан республикалық сайыс өтті
news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екі жас ерекшелігі бойынша Паралимпиадалық ат үйрету және Арнайы бағдарламадан Қазақстан Республикасы ат спорты Федерациясының III-ші Ашық Кубогі өтті.

Биыл аталмыш сайысқа бес облыстан ұзын саны 28 қатысушы келіп қатысты. Олар 14 жасқа дейін және 14 жастан жоғары жас бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Жүлделі орындарды сарапқа салуға өскемендіктерден бөлек, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды сондай-ақ Павлодар облыстарының өкілдері жарыс жолына шықты. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының намысын «Ак Тай мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау Қоры» акционерлік қоры және ШҚО-ғы «ҚР ат спорты Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі сынды екі команда қорғады.

– Алғашында қатысушылар саны айтарлықтай аз еді. Біздің өңірден бөлек, өздеріңіз байқағандай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында Филиал ашылды. Шәкірттеріміз мұның алдында бірнеше рет Халықаралық деңгейдегі додалдарда жүлде алып үлгерді. Осы спорт түріне барынша қолдау танытып келе жатқан облыс әкімдігіне алғыс білдіргім келеді, – деді ШҚО-ғы «ҚР ат спорты Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Филиалының басшысы Николай Кузьмин.

Барлық қатысушы қиындығына сай, бес деңгей бойынша мүмкіндіктерін байқап көрді. Олар өткен жылғы жаңа сызба бойынша сайысқа түсті. Яғни, ол бұрынғыға қарағанда анағұрлым күрделендірілген еді. Еліміздің ат спорты Федерациясының Паралимпиадалық ат спорты Департаментінің директоры Елена Черникованың айтуынша, осы жолы бәсекелестік барынша арта түскен. Мұнда шығысқазақстандық спортшыларға Қарағанды облысынан келген шабандоздар лайықты қарсылас атануы мүмкін екенін алға тартты. Ең егде қатысушының, яғни Елена Шишаеваның жасы 50-ге таяса, ең жас спортшы 13 жаста екен. Өскемен намысын арқалап шыққан Диана Оралбек «Янтарь» есімді тұлпарды тізгіндеп шығып, өз жаттығуын мінсіз орындап шықты. Одан бөлек, Қарағанды өңірінен келген тәжірибелі Айдос Жылқышынов та жүлдеден үмітті екендігін аңғартты. Ол өткен жылы ел құрамасы сапында ат спортынан Д.Хоппери атындағы Ашық Мәскеу Кубогінде және «Қазақстан-Ресей» шақырту жарысында екінші орын иеленген еді. Келген мамандар барлық қатысушының дайындығына оң бағасын беріп, жанарларынан жеңіске деген жігер туындап тұрғанына ерекше разы болды.

Тартысты өткен ат спорты бәсекесінде үздіктер төмендегідей анықталды:

Паралимпиадалық ат үйрету

Жеке жүлде, 4 деңгей

1 орын – Айдос Жылқышынов (Қарағанды облысы)

Жеке жүлде, 3 деңгей

1 орын – Райхан Байрханова (ШҚО)

2 орын – Айғаным Ермекова (ШҚО)

Жеке жүлде, 1 деңгей

1 орын – Елена Шишаева (ШҚО)

Тест дерби, 4 деңгей

1 место – Диана Оралбек (ШҚО)

Ат үйретудің бастамасы, тест В (14 жастан бастап)

1 орын – Сұлтан Жасыбай (ШҚО)

2 орын – Екатерина Минаева (ШҚО)

3 орын – Диас Ескермесов (ШҚО)

3 орын – Ансаф Масалимов (Қарағанды облысы)

4 орын – Ринат Бектұрсынов (ШҚО)

Ат үйретудің бастамасы, тест В (14 жасқа дейінгі)

1 орын – Диана Оралбек (ШҚО)

Ат үйретудің бастамасы, тест А

1 орын – Елена Шишаева (ШҚО)

2 орын – Игорь Евтух (ШҚО)

3 орын – Алексей Черенков (ШҚО)

Арнайы Олимпиада

Ат үйрету, В деңгейі

1 орын – Владислав Ляховский (ШҚО)

2 орын – Әйгерім Құмарбекова (ШҚО)

3 орын – Дарья Иванова (ШҚО)

4 орын – Фаик Насибов (ШҚО)

СI деңгейі

1 орын – Иван Некрасов (ШҚО)

«Жұмыс жолы» СI деңгейі

1 орын – Анна Щелкунова (Павлодар облысы)

2 орын – Самат Есекеев (Жамбыл облысы)

3 орын – Елемес Қоңырбаев (Павлодар облысы)

Категория СS – 1 дивизион

1 орын – Андрей Гриднев (ШҚО)

2 орын – Максим Большаков (ШҚО)

3 орын – Алексей Дундуков (ШҚО)

Категория СS – 2 дивизион

1 орын – Аинагүл Кулқайырова (Маңғыстау облысы)

2 орын – Мансұр Ахмет (Маңғыстау облысы)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер