Семсерлесуден әлем чемпионатында Дмитрий Алексанин үздік алтылыққа енді

Семсерлесуден әлем чемпионатында Дмитрий Алексанин үздік алтылыққа енді

Қытайдың Уси қаласында семсерлесуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған әлемдік додада қазақстандықтар да өнер көрсетіп, шпагашы Дмитрий Алексанин 6-шы орыннан көрінді деп жазады, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп

«Шынымды айтсам, чемпионат мен үшін сәтті өтті деп айтуға келмейді. Өйткені, мен осыдан біраз жыл бұрын да жетілікке енген едім. Ең негізгі мақсатым жүлде алу болатын. Дайындық та, жаттығу да жоғары болды. Ешнәрсе кедергі келтірген жоқ. Әйтсе де, медальға қол жеткен жоқ», - дейді Алексанин. 

Алексанин үздік төртік қатарына ену жолында Олимпиада чемпионынан жеңіліп қалды. Одан бөлек, Дмитрий Алексанин Венгрия, Италия және Израиль нояндарын жеңген. 

Әлем чемпионатындағы көрсеткішінен соң<span> </span>Дмитрий Алексанин<span> </span>әлемдік рейтингтегі үздік 16 спортшының қатарына енді. 2013 жылғы әлем чемпионатында Алексанин 7-ші сатыға тұрақтаған еді. 

Қазақстандық өзге спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

Шпага: Э. Алимжанов – 28, Р. Курбанов – 42, В. Шарлаимов – 100;

Сабля, ерлер: К. Нуржан – 61;

Сабля, әйелдер: А. Хабибуллина – 68, Т. Почекутова – 72, Т. Приходько – 83, Сарыбай – 85.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или