Руслан Жапаров жеңісін Денис Тенге арнады

Руслан Жапаров жеңісін Денис Тенге арнады

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен таеквондодан G2 санатындағы рейтингілік Korea Open турнирінде Руслан Жаппаров қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Руслан турнирде үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесті.

Ол алғашқы екі қарсыласын 19:17 және 3:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда 28:10 есебімен жол берді. 

Руслан өз жеңісін Денис Теннің рухына бағыштап, оны еске алу мақсатында арнайы жейде киіп шықты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или