Басқа

Қазақстан халқы Денис Тенмен қоштасты

Қазақстан халқы Денис Тенмен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін мезгілсіз мерт болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Алматы жұртшылығы Балуан Шолақ спорт сарайында сүйікті чемпиондарымен қоштасу рәсіміне жиналса, Астана халқы «Барыс Арена» мұз айдынына жиналды.

Алматылықтар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдына таңғы сағат 7-ден бастап келе бастады. Мыңдаған адам атақты мәнерлеп сырғанаушыны еске алды. Әрі ел мақтанышына арнап гүл шоқтарын қойды.

Осылайша, қазақ жұрты еліміздің Еңбек сіңірген спорт шебері, Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тенді жер қойнауына тапсырды.

Денис Теннің денесі туған жері Алматыдағы Достық ауылының маңындағы зиратқа жерленді. Белгілі спортшыны жерлеу жұмысарын ұйымдастыруды Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы әкімдігі өз мойнына алды.

Әйгілі спортшымен қоштасуға қарапайым халықпен қатар, алыс-жақын шет елдегі достары және қазақстандық белгілі спорт шеберлері келді. Олардың ішінде Геннадий Головкин, Данияр Елеусінов, Екатерина Айдова, Денис Кузин сынды спортшылар бар.

Қайғылы оқиғадан кейін еліміздің түкпір-түкпірінде мәнерлеп сырғанаушыны еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімдері өткізілді.

Фото: Александр Ковпак

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер