Азия чемпионаты: Бұрымды балуандарымыз төрт медаль олжалады
Нью-Дели қаласында (Үндістан) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.
Жарыстың алғашқы екі күнінде грек-рим күресінен жас балуандарымыз бақ сынады. Бірінші күні төрт қола жүлдеге қол жеткізген қазақстандықтар, екінші жарыс күні екі алтын, бір қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте екінші орын алған болатын.
Ал турнирдің үшінші күні боз кілемге шыққан бұрымды балуандарымыз бір алтын, үш қола медаль жеңіп алды.
62 келі. Ирина Кузнецова - алтын
50 келі. Марина Закшевская - қола
57 келі. Жанерке Ассанова - қола
72 келі. Гульназ Жаппарова - қола
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или