Қазақстандық спортшылар ресми жарыстарға аза тұту белгісімен шығады
Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасы бүкіл әлем халқын ауыр қайғыға душар етті. Бұл туралы olymp.kz жазды.
Талантты спортшы, аяулы ұл, намысты отандасымыздың қазасына байланысты ел спортшылары өздері қатысқан турнирлерге аза тұту белгісін тағып шықпақ.
Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық нояндар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты.
Еліміздегі барлық спорттық федерациялар өткізетін ресми әрі ресми емес турнирлердің барлығы<span> </span>бір минуттық үнсіздіктен басталады.
Кеше Қазақстан Еуропа лигасында сынға түскен "Қайрат" және "Тобыл" клубтары матчтағы жеңісін Денис Теннің рухына бағыштады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или