«Астана» Президенттік ату клубының құрамасы Италияға аттанды

«Астана» Президенттік ату клубының құрамасы Италияға аттанды

Жазғы Азия ойындарына дайындық мақсатында «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубына қарасты «Астана» мергендер клубы бүгін Апеннин түбегіне аттанды. Ол жақта жерлестеріміз Италияда өтетін екі халықаралық турнирге қатысады. 

- Бүгін түнде біздің стенд атудағы мергендеріміз Түркия арқылы Италияға ұшып кетті, - дейді бұл туралы «Астана» Президенттік кәсіпқой мергендер клубының бас менеджері Андрей Могилевский. – Апеннин түбегінде екі турнирге қатысамыз. Бірі EMIRATES ITALIAN OPEN GREEN CUP SHOTGUN турнирі, екіншісі H.H. SHEIKHA FATIMA BINT MUBARAK WOMEN'S INTL. SHOOTING CHAMPIONSHIP – SHOTGUN бәсекесі. Екеуі де Тоди қаласында шілденің 19-ы мен 30-ы аралығында өтеді. SHEIKHA FATIMA турниріне тек қыздар қатысады. Өткен жылы бұл бәсекеде Мария Дмитриенко жеңімпаз атанған. Бұдан бөлек, Италияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, техникалық жабдықтарымызды жаңартумен айналысамыз.. Біздің басты мақсатымыз – 18 тамыз күні байрағын желбірететін Жазғы Азия ойындары. 

- Италиядағы турнирлерде команда алдына қандай мақсаттар қойып отырсыздар? 

- Әр спортшының алдына қойған өз мақсаты бар. Ал жалпы командаға келсек, екі турнирде де медаль алуды көздеп отырмыз. Италияға мергендерден бөлек, массажист пен психолог та бірге аттанды. Ең бастысы, Азия ойындарында жоғары жетістіктерге жетуіміз қажет. 

Стенд ату командасының мергендері: Мария Дмитриенко, Анастасия Давыдова, Александр Ещенко, Андрей Фролов, Ангелина Мищук, Әсем Орынбай, Сәрсенкүл Рысбекова, Ольга Панарина. 

«Астана» Президенттік кәсіпқой мергендер клубы 2015 жылы құрылған. Оның құрамына еліміздің құралайды көзге атқан ең мықты мергендері жиналған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или