«Korea open 2018» турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды
Кореядағы ең ірі Чеджудо – Чеджу аралында шілденің 18-24 аралығында таеквондодан G2 санатындағы «Korea open 2018» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span>
Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелері белгілі болды. Таеквондоның отанында бұл турнир жоғары дәрежеде өткізіледі. Кореяға өз мықтылығын дәлелдеу үшін әлемнің әр түкпірінен спортшылар ағылады. Қатысушыларды тіркеу ресми түрде басталды, бүгінде 2000-ға жуық адам турнирге қатысу үшін өтінім берген.
Айта кету керек, аталған турнирге қатысатын кореялық спортшылардың қарасы көп болмақ. Бұл жарыс қатысушыларына үлкен сынақ болары сөзсіз.
Ал Ю Енг Джин жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спортшылардың физикалық жағдайы мен жекелеген дайындығына қарап, бас бапкер Кореяға баратын құрамды анықтады.