Қостанайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

Қостанайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

Шілденің 18-24 аралығында Қостанайда триатлоннан Қазақстан чемпионаты мен кубогы жолындағы жарыс өтеді. Аталған турнир ұлттық құрама мүшелерінің Азия ойындары алдындағы басты дайындықтарының бірі болмақ, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Триатлоннан Қазақстан біріншілігіне Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 70-ке жуық спортшы қатысады деп күтілуде. 

Қазақстан триатлон федерациясының жарыстарды ұйымдастыру жөніндегі директоры Сергей Майердің айтуынша, Түркістан және Ақмола облысының спортшылары чемпионаттың басты фавориттері болмақ. 

«Қазақстан чемпионаты аяқталған соң ұлттық құрама спортшылары Алматыда 2-6 тамыз аралығында өтетін Азия кубогына қатысады. Азия ойындарына дейін триатлоншылар оқу-жаттығу жиындарын өткізетінін хабарлағымыз келеді. Сеулде 7-17 тамыз аралығында жаттығу жиындары өтіп, 18-20 тамыз күндері Кореяда өтетін Азия кубогында да спортшыларымыз бақ сынайды», - дейді директор. 

Сондай-ақ, федерация өкілдері Джакартадағы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының есімін атады. Жазғы ойындарда ел намысын Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы), Максим Крят (Астана) және Анастасия Автушко (Шымкент) қорғамақшы. Әзірге, Азиадаға аттанатын төртінші спортшының есімі белгісіз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или