«Korea open 2018» турниріне қатысатын 10 таеквондошының есімі анықталды

«Korea open 2018»  турниріне қатысатын 10 таеквондошының есімі анықталды

Кореядағы ең ірі Чеджудо – Чеджу аралында шілденің 18-24 аралығында таеквондодан G2 санатындағы «Korea open 2018» халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелері белгілі болды деп жазады<span> Олимпиада комитетінің ресми сайты.</span>

Таеквондоның отанында бұл турнир жоғары дәрежеде өткізіледі. Кореяға өз мықтылығын дәлелдеу үшін әлемнің әр түкпірінен спортшылар ағылады. Қатысушыларды тіркеу ресми түрде басталды, бүгінде 2000-ға жуық адам турнирге қатысу үшін өтінім берген. 

Айта кету керек, аталған турнирге қатысатын кореялық спортшылардың қарасы көп болмақ. Бұл жарыс қатысушыларына үлкен сынақ болары сөзсіз. 

Ал Ю Енг Джин жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Спортшылардың физикалық жағдайы мен жекелеген дайындығына қарап, бас бапкер Кореяға баратын құрамды анықтады. 

Ерлер:

Елдос Ысқақ (58 келі)

Қазбек Бақтиярұлы (63 келі)

Ерасыл Қайырбек (68 келі)

Нұрлан Мырзабаев (80 келі)

Руслан Жапаров (+80 келі)

Қыздар:

Айнұр Есбергенова (49 келі)

Фариза Алдонғарова (53 келі)

Маржан Төлепбергенова (57 келі)

Ақсәуле Ерқасымова (68 келі)

Дениз Джансель (+ 67 келі)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или