Уси - 2018: Семсерлесуден әлем чемпионатына аттанатын спортшылар есімі белгілі болды

Уси - 2018: Семсерлесуден әлем чемпионатына аттанатын спортшылар есімі белгілі болды

Шілденің 19-27 аралығында Қытайдың Уси қаласында семсерлесуден әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Аталған додада жалпы есебі 12 жүлделер жиынтығы сарапқа салынбақ. Әлемдік сында қазақстандық нояндар да өнер көрсетеді.  Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Писцов<span> ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады.</span>

Усидегі әлем чемпионатына қатысатын шпагадан Қазақстан ерлер командасы:

Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Валим Шарлаимов, Дмитрий Адайкин.

Усидегі әлем чемпионатына қатысатын саблядан Қазақстан қыздар құрамасы:

Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина, Татьяна Приходько.

Бапкердің айтуынша, чемпионаттың басты фавориттері қатарына Ресей, Франция, Италия бастаған еуропалықтардан бөлек, ешкім күтпеген команда өкілдері де енуі мүмкін.

Ұлттық құраманың биылғы жылғы ең басты додасы – Джакартада өтетін Жазғы Азия ойындары. Ал 2020 жылғы Олимпиада ойындарына арналған лицензиялық турнирлер 2019 жылдан басталмақ.

Бүгінде ұлттық құрама спортшылары жаттығу кезеңін аяқтап, Қытайға аттанып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или