Теміртауда академиялық есуден Қазақстан чемпионаты өтеді

Теміртауда академиялық есуден Қазақстан чемпионаты өтеді

Еліміздегі академиялық ескек есушілер үшін Жазғы Азия ойындарының алдындағы ірі жарыс өтеді. Шілденің 14-18 аралығында Теміртаудағы Самарқанд су қоймасында академиялық ескек есуден Қазақстан чемпиондары анықталады. 

Қазақстан чемпионатына еліміздің үш облысы мен бір қаласынан спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, сондай-ақ, Астана қаласының ескек есушілері өзара бақ сынайды. 

- Қазақстан біріншілігіне еліміздің төрт аймағынан 100-ден аса спортшылар қатысады. Осы турнир арқылы Жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама мүшелері таңдалып, спортшылардың дайындығы пысықталады. Сонымен қатар, осы турнир арқылы академиялық ескек есуден Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер спортшыларды бақылайтын боламыз. Спортшылар ел біріншілігінде 2 километрге 14 олимпиадалық бағдарлама бойынша жарысады", - дейді ескек есуден мемлекеттік жаттықтырушы Александр Усачев. 

Еске сала кетейік, Жазғы Азия ойындары Джакартада (Индонезия) 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или