Тұғырдан секіруден құраманың бас бапкері: Біздің спортымыздың болашағы алда

Тұғырдан секіруден құраманың бас бапкері: Біздің спортымыздың болашағы алда

Щучинск қаласында шаңғы трамплиніне арналған жаңа кешеннің таныстырылымы өтті. Бұл кешен халықаралық стандартқа толығымен жауап береді және ірі деңгейдегі спорттық бәсекелерді қабылдауға дайын. Сондай-ақ, ұлттық құрама команда спортшыларының оқу-жаттығу жиындарын өткізуге де ыңғайлы.<span> </span>Olympic.kz<span> </span>2005 жылдан бері шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасында бас бапкерлік қызмет атқаратын Павел Васильевпен сұхбаттасып көрді. 

Трамплин туралы

Трамплин өте ыңғайлы және өте жақсы жоба. Бәрі өз орнымен ойластырылған. Шаңғышылар тауға қарай секіреді, бұл тым алысқа секіруге септігін тигізері сөзсіз. Мәселен, бүгін Сергей Ткаченко есімді спортшымыз 145 метрге секіріп, жерге жақсы қонды.  Бұл -  трамплин үшін өте алыс қашықтық. Бізбен бірге жаттыққан словениялықтар 150 метрден әріге секіріп, жерге еш жарақатсыз қонды. Әлемде спортшылар қатты алысқа ұзап кете алмайтын, жерге қонарда қиындық тудыратын трамплиндер көп. Мұндай трамплиндерде тізе мен арқаны, құйымшақты жарақаттау қаупі жоғары. Ал мұнда бәрі жақсы жасалған. Трамплиннің кереметтігі сонша, спортшылардың эмоциясын арттыра түседі. Мұнара тым биікте орналасқан, мінген кезде табиғаттың бар сұлулығын байқауға болады. Айналаңда бәрі көрініп тұр, көлдер де көзге түседі. 

Желден қорғайтын тор туралы 

Жел қатты соққанда спортшыларды тор қорғап тұрмақ. Бұл спортшылар ұшатын кезде өте қажет. Сондықтан, тор спортшы столдан ажырап, ұша бастағанда трамплиннің маңдай тұсына орнатылады. Спортшының шаңғысы ауада қатты соққы жасамауы тиіс, ал тор соны реттеу үшін орнатылады. Содан кейін жел де қатты әсер етпейді. 

Нысанның бірегейлігі туралы

Мен әлемде ең жоғары деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылатын (кубоктар, әлем чемионаттары) базалардың барлығында болдым. Сондықтан, біздің база барлық талапқа жауап береді деп толығымен айта алам. Біздің трамплиндердің басты ерекшелігі – қонақүй, жаттығу залы, спорт залының дәл қасында орналасуы. Бәрі жаныңда, жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ.  Әдетте, трамплиндерді таулы жерлерге салады да, қонақүй мен спортзал қашықта болады. Трамплинге жету үшін 30-40 минутымызды жұмсайтын кездер де болады. Ал мұнда бәрі қасыңда. 

Шетелдік сарапшылардың пікірі туралы

27-28 маусым күні әлем Кубогінің директоры Вальтер Хоффер мен құрлықаралық кубок директоры Хорст Тильман келді. Олар біздің кешеннің кереметтігіне таң қалып, біздің спортымызда ерекше нысанның пайда болғанына қуанды. Оларға трамплин де, база да қатты ұнады. 

Ұлттық құраманың жаттығу жиыны мен алдағы маусым жоспары туралы

Әдетте біз алғашқы жаттығуды спорт залда өткіземіз. Алдымен ойын бөлігі, кейін қыздырыну кезеңі өтеді. Аптасына үш реттен күш пен жылдамдыққа арналған жаттығуға қатысамыз. Мұның бәрі таңертең болады, ал түстен кейін спортшылар секіре бастайды. Кешкі астан соң біз әр спортшымен жеке жұмыс істеп, қателіктерді түзетеміз. Қазір біз Щучинскте жиын өткізіп жатырмыз. Содан соң бізді Польша, Германия, Швейцария мен Франциядағы Гран-при турнирі күтіп тұр. Бұл жарыстардың бәрі біз үшін маңызды, өйткені, жалпы есеп бойынша ұпай саналады. Ұлттар Кубогінде қатысушылардың барлығына ұпай жазылады. Жылына шамамен 25 жарыс өтеді. Тамыз айында Жапонияда Гран-при додасы өтеді, қыркүйекте Ресей, Румыния, Австрия, Германияда, ал қазан-қарашада осы жаңа трамплинде дайындаламыз.

Тұғырдан секіруден Қазақстан командасы туралы

Тарихта алғаш рет Қазақстан ҰОК бізге штаттағы әйелдер ұлттық құрамасын ашып берді. Құрамда төрт қызымыз бар. Бұған дейін Валентина Сдержикова ғана әлем Кубогі кезеңінде сынға түсті, ал қалғандары әлі қатысқан жоқ. 2019 жылы өтетін әлем чемпионатында Қазақстан алғаш рет барлық бағдарлама бойынша жарыс жолына шығады. Бұл ерлер арасындағы секіру, командалық сын, микс және әйелдер арасындағы бәсеке. Біздің спортшыларымыз өте жас. Сергей Ткаченко 18 жаста, Ильшат Қадыров пен Данил Васильев 14 жаста. Олар әзірге балалар арасындағы гран-при сындарына қатысып жүр. Алдын ала болжам жасамай, барлығын уақытында көреміз дегім келеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или