Берлин - 2018: Садақ атудан Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде бақ сынайды

Берлин - 2018: Садақ атудан Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде бақ сынайды

15-22 шілде аралығында Германия астанасы Берлинде садақ атудан Әлем Кубогінің кезеңі өтеді. Бұл мергендер үшін финалға жолдама беретін соңғы мүмкіндік. Берлиндегі сайыстан соң ең көп ұпай жинаған спортшылар қыркүйек айында Римде (Италия) өтетін финалдық кезеңде бақ сынайды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Әлемдік сынға қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі: 

Классикалық садақ ату, ерлер: Денис Ганькин, Сұлтан Түзелбаев, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин;

Классикалық садақ ату, қыздар: Луиза Сайдиева, Қарагөз Асқарова, Алина Ильясова, Талшын Құсайын.

Блоктық садақ ату, ерлер: Акбарәлі Қарабаев, Павел Фишер, Константин Солодовников, Артем Ганькин.

Блоктық садақ ату, қыздар: Адель Жексенбинова, Диана Макарчук, Виктория Лян.

Садақ атудан Әлем Кубогі кезеңі Берлинде өтетін еске саламыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или