Каратэден Азия чемпионатында сынға түсетін Қазақстан спортшылары анықталды

Каратэден Азия чемпионатында сынға түсетін Қазақстан спортшылары анықталды

13-15 шілде аралығында Иордания астанасы Амманда каратэден (WKF) Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды prosports.kz Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтың 29 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы қатысатын турнирден Қазақстан спортшылары да сырт қалмайды.

Бапкерлер кеңесі Амманда сынға түсетін спортшылар тізімін жариялады.

Ерлер:  Мәди Қатесов (жекелей сын, ката), Қайсар Алпысбай (60 келі), Асылбек Мұратов (67 келі), Руслан Есмаханбет (75 келі), Игорь Чикмарев (84 келі), Нұртілес Тынысбек (+84 келі).

Қыздар: Әсел Серікова (-50 келі), Аружан Мұхтар (55 келі), Гүлмира Үсенова (61 келі), Александра Будкина (68 келі), Айжан Анарбай (+68 келі), Лия Қошқарбаева (жекелей сын, ката).

Турнирдегі бәсекелер 13 шілде күні өтеді, ал жұбаныш белдесу мен қола медаль үшін күрес, сондай-ақ, финалдық жекпе-жектер 14 шілдеге жоспарланған. 15 шілдеде командалық жарыстағы жеңімпаз анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или