Нұрсұлтан Назарбаев Щуче-Бурабайдағы шаңғы трамплинін ашты

Нұрсұлтан Назарбаев Щуче-Бурабайдағы шаңғы трамплинін ашты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Щуче-Бурабай курорттық аймағындағы 12 жылдан астам уақыт бойы тұрғызылған шаңғы трамплинін ашты, деп хабарлайды prosports.kz сайты today.kz-ге сілтеме жасап.

Кешен Щучедегі Бурабай халықаралық шаңғы базасының аумағында орналасқан. Мемлекет басшысына қазақстандық шаңғышылар жаттығатын нысандар таныстырылды. 11 шілдеде трамплиннен секіру спортының мықтылары өз өнерлерін көрсетті.  

Естеріңізге сала кетейік, Щучедегі шаңғы спорты республикалық базасының құрылысы 2005 жылы басталған болатын. Басында нысанның құны 9 миллиард 346 миллион теңгені құрады. Нысан 2008 жылы салынып бітуі тиіс еді. 2017 жылы ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорттық нысанды 2018 жылдың мамырында ашуға уәде берді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или