Турникті мықты меңгерген жігіт марапатталды

Турникті мықты меңгерген жігіт марапатталды

<span>Түркістан облысының тұрғыны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан жарты миллион теңге жүлде алды. Азамат Сапар «Street Workout» байқауында мықты қырынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.</span>

<span>Астаны қаласының 20-жылдығын мерекелеу аясында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде сәуір айының соңында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған «Challenge Street Workout» байқауының қорытындысы шығарылды. Бас-аяғы байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 167 өтінім түскен. </span>

<span>Сонымен қатар, АҚШ, Қытай мемлекеттерінен де қатысушылар белсенділік танытқан. Қазылар алқасының пікірінше, бейнежазбалардың авторлары челленджге аса жауапкершілікпен қараған. 167 өтінімнің 126-сы қазылар алқасының қарауынан өтті. Алматы, Астана, Талдықорған, Қарағанды облысынан ең көп өтінім келіп түскен. </span>

<span>«Қатысушылар арасында елімізге танымал Серік Сәпиев, Әділ Ахметов, Қайрат Нұртас, Денис Тен, Галиб Джафаров, Қанат Ислам, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Иманбаев, Ардақ Назаров, Мөлдір Әуелбекова, Меломен тобы және басқа да спорт және өнер қайраткерлері бар. Өтінімді тіпті ұжым болып жібергендер бар, олардың арасында - Ұлттық штаттық командалар резерві дирекциясы, Жаркент Арасан шипажайы, Ақтөбе облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы, үкімет өкілдері - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да қатысқан», - делінген хабарламада. Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған челлендждің салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңыздылығын атап өтті. «</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или