Қазақстандық суда жүзушілер Open de France 2018 жарысына қатысуда
Францияның Шартр қаласында суда жүзуден елдің ашық чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай мен Айбек Қамзенов қатысуда, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.
Алғашқы жарыс күнінде Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үшінші орын алды. Ол осы қашықтықтағы әлем рекордшысы, украиналық Андрей Говоров пен бразилиялық спринтер Педро Виейраға ғана жол берді. Ал Айбек Қамзенов 50 метрга брасс әдісімен жүзуде алтыншы нәтиже көрсетті.
Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин бастаған ұлттық құраманың өзге мүшелері Словенияның Марибор қаласында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или