Павел Васильев: Әлемнің ең мықты деген құрамаларымен жаттығып жатырмыз
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Словенияға құрама сапында 2 ер, 2 әйел спортшы келді, деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.
«Мұнда біз үш сайысқа қатысып үлгердік. Бұл – Словенияның үш қаласындағы өткен Кубок жолындағы бәсеке. Бұл додада Сергей Ткаченко 2 рет бірінші, бір рет екінші орын иеленді. Жиын жазғы Әлем Кубогінің кезеңі – Гран-приге дайындық аясында өтіп жатыр. Бүгінде біз керекті секіру элементтерін тексеріп, секіру техникасын реттедік. Құрама команда әлемнің ең мықты деген құрамаларымен жаттығып жатыр. Барлық үздік спортшылар Планницада дайындалуда. Сол себепті, дайындық деңгейі мен спортшылар әлеуетін бірден байқауа мүмкіндік бар», - дейді шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Павел Васильев.
Оқу-жаттығу жиыны барысында біздің спортшылар үш жарысқа қатысып, жазғы Гран-при додасына дайындалуда.