Астанада каратэшілер өзара мықтыны анықтап жатыр
Бүгін каратэ шинкиокушинкайдың ката тәртібінен республикалық ашық турнир басталды.
Бас шаһардың мерейтойына орайластырылған біріншілікке 400-ден астам спортшы келді. Астана мен Алматы қалаларымен қатар еліміздің 14 өңірінен, сондай-ақ көрші Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Литвадан балалар мен жасөспірімдер, ардагерлер өзара мықтылық байқасып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық дода жоғары деңгейде өту үшін жапониялық мамандар да турнирге жұмылдырылған. Ал отандық спортшылардың дайындығы жоғары екенін Күншығыс елі өкілдері де жасырмай отыр.
Айта кетейік, турнир жеңімпаздары ертең анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или