Астанада ескек есуден сайыс өтті

Астанада ескек есуден сайыс өтті

<span>Астаналық спортшылар елорданың мерейтойында да жарыс жатырқаған жоқ. Қайта қала меркесінің көрігін қыздыруды ойлап, бәс жолына шықты. </span>

<span>Ақбұлақ өзенінде қалалық ескекшілер чемпионаты өтті. Сайысқа 50-ден астам  13 пен 15 жас аралығындағы жасөспірім қатысты. Спортшылар байдаркалық және каноэмен есу түрлерінен бақ сынасты. Үздік деп танылғандар марапатталып, алдағы республикалық сайысқа жолдама алатын болады. </span>

<span>- Биыл  спорттың осы бір түріне деген қызығушылық артып отыр. Сайыс өте  қызыты өтетіні белгілі. Соңғы жылдары жақсы көрсеткіштерге иеленіп отырған жастар көп. Шеберліктерін шыңдап, жаттығу барысында барлық мүмкіншіліктерін көрсетуге тырысады, - дейді академиялық есудің жаттықтырушысы Әшімбек Ыбрашев. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или